ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

🔹2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

🔹Бұл сайлаудың басқа сайлаудан бір өзгешелігі – мұнда Президент бір рет қана, жеті жылға сайланады. Сонымен қатар, екінші қайтара сайлауға түсу мүмкіндігінің жоқтығында.

Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Біздің алдымызда айрықша міндет тұр.Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын үшін еңбек ету.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік.

Осы тұста барлық жерлестеріміз Елдің болашағы әділдік жолымен жетелеуге бағытталған саяси науханда белсенділік танытып, Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға белсене қатысуға шақырамын.

🔹Жаңа әрі әділетті Қазақстанды бірге құрамыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған