ОБЛЫСТА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ!

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері облыстағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын Төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ордабасы ауданының тұрғындарына өрттің пайда болу факторларының басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алып жататыны, соған орай, тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізу барысында «Жылу пештерін жұмыс жағдайларына қарап анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою!», «Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау!», «Улы газбен уланудың алдын алу!» «Тұрмыстық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау!» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, аталған тақырыптар бойынша сақтық шараларын қатаң сақтау керектігі туралы айтылып, бөлім тарапынан шығарылған ескерту парақшаларын таратты.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Қазығұрт ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға жадынама парақшалары таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған