ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖӘНЕ ИМАМЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Облыс прокуратурасында облыс прокуроры М.Тлеубердиев  облыстың бас имамы Е.Төлеповпен кездесу өткізіп, оның барысында жастар саясатының даму тұстары талқыланды.  

Бүгінгі таңда облыстағы жастар саны 654 мыңнан асады, яғни облыс халқының 31% құрап отыр.  

Кездесуде жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру тетіктері, сонымен қатар, болашақ ұрпаққа синтетикалық есірткі, құмар ойындарға қызығушылық, қаржылық пирамида теріс әсер ететіндігі атап өтілді.

Өз кезегінде облыс бас имамы Е.Төлепов бұл тақырыптағы үгіт-насихат жұмыстарын діни шараларда халық назарына жеткізіп, діни танымдылықтарын арттыруға күш жұмсайтындығын атап өтті.

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған