НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 3,8 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жұмыс жоспарына сәйкес ауылдық округтердің, ондағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін, өзекті мәселелерін көзбен көріп, тұрғындармен тілдесуін жалғастыруда. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жолы аудан басшысы Абай ауылдық округіндегі қырыққабат егіп жатқан шаруалармен жүздесті. Қажеттіліктері мен қолбайлау болып отырған мәселелеріне құлақ түрді. Жалдамалы жұмысшылардың жағдайымен танысты.

Мамандардың мәліметі бойынша ауданда өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы 105,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгеге жеткен. 78,5 мың га жерге орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 49,5 мың гектары мақта, 15 мың гектардан астамы бақша, 10,7 мың гектарға мал азықтық өнімдері болса, 3,2 мың гектарға көкөніс пен басқа да дақылдар егілген.

Ал, биылғы жылға 44 мың гектарға мақта, 6 мың гектарға дәндік жүгері, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,3 мың гектарға көкініс, 727 гектар алқапқа күріш, 6 мың гектар алқапқа мал азықтық дақылдарын егу жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған