МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗЕДІ

Жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды. Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді. Жағдай ерекше бақылауда.

Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істейді.

Назар аударыңыз! Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Су тасқыны бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінде Түркістан облысының «Шұғыл желі» жедел желісі жұмыс істейді.

Мына нөмірлер бойынша: Түркістан облысы: 8-7253-35-78-81, Астана қаласы: 8-7172-33-284 тәулік бойы өзіңізге қажетті ақпаратты ала аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған