МЕРЕКЕДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ

2023 жылдың 19 қаңтарында православие әлемі «Крещение Господне» мерекесін атап өтеді. Осы күні тазартылған бұлақтарға, көлдерге түседі. Суға түсу кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан бір қатар шіркеулерді аралап үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін келесі ережелерді сақтаңыздар:
– Суға түсер алдында, құтқару қызметі мен медициналық қызметкерлер өкілдерінің бақылауында екеніңізге көз жеткізіңіз;
– Мұзда тұрып суға сүңгімеңіз:
– Спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға түсуге қатаң тыйым салынады;
– Балаларды ата-аналарының қарауынсыз суға түсіруге болмайды;
– Жүрек-тамыр сырқаттары бар адамдарға мұздай суға түсуге жол бермеңіздер;
– Купельдің жанына автокөлікпен бару аса қауіпті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған