Мемлекет басшысының жеңісі – бүкіл Қазақ елінің бірлік, әділдік және қуатты мемлекет құру жолындағы жеңісі

Манкент ауылының тұрғындары Елдегі елеулі оқиғаға бейжай қарамай, дауыс беруге түгелдей қатысты. Еліміз үшін тарихи күні де қалыс қалмай, әр қазақстандықтың ортақ мүддесін мақсат етіп сайлауда дауыс берді. Жұртшылық емін-еркін келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл өз кезегінде халықтың сайлауға белсенді әрі жауапкершілікпен қатысқанын көрсетті.
Мемлекет басшысының жеңісі – бүкіл Қазақ елінің бірлік, әділдік және қуатты мемлекет құру жолындағы жеңісі. Игі істердің енді уақытылы жүзеге асып, орындалуын тағатсыздана күтеміз.

Нурметова Зухра
Әйелдер кеңесінің төрайымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған