«МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАПКЕРЛЕРІ МЕН ОЙЫНШЫЛАРЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгінгі өткен саяси науқанға мақтааралдықтар белсене қатысуда. Соның ішінде «Мақтаарал» футбол клубының бапкерлері мен ойыншылары команда болып сайлауға қатысты.

Спорт саласының қызметкерлері ел болашағы үшін маңызды қадам жасағандарын айтты. Бұл сайлау – күллі қазақстандықтардың болашағын айқындайды.

Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол клубы – ҚР Премьер-лига ойындарында ойнайтын ауданнан шыққан және Түркістан облысының жалғыз командасы. Биыл мақтааралдық футболшылар 8 орынмен жылды қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған