МАҚТААРАЛДА ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

Бүгін өтіп жатқан ҚР Президенті сайлауына байланысты Мақтаарал ауданының сайлау учаскелеріне көптеген тәуелсіз бақылаушылар тартылған.
Солардың бірі – «Хақ» тәуелсіз сарапшылар ұйымының Мақтаарал ауданы бойынша жетекшісі, тәуелсіз бақылаушы Қанат Мырзахметов сайлаудың өту барысы туралы өз пікірін білдірді.
Қанат Маратұлы Мақтаарал ауданында орналасқан 63 сайлау учаскесінің 40-тан астамын «Хақ» ұйымының бақылаушылары бақылағанын және сайлаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
«Халықтың белсенділігін, жаңа Президентті сайлауға деген көзқарастарын, жалпы сайлаудың өту барысын оң бағалауға болады. Халықаралық стандарттар мен конвенциялар шеңберінде дауыс беру процесін өткізу – Қазақстанның демократиялық құндылықтарға бейімділігінің көрсеткіші. Мақтаарал ауданында сайлау учаскелеріндегі байқаушыларымыз сайлау кезінде Қазақстан заңнамасы мен халықаралық келісімдердің ірі бұзушылық фактілері анықталмағанын айтып отыр. Бұл аталған іс-шараның ашықтығы мен мемлекеттің өз міндеттемелерін жоғары деңгейде орындағанының айғағы» – деді, тәуелсіз бақылаушы.

МАҚТААРАЛДА ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

Сонымен қатар, бақылаушы сайлау учаскелерінің техникалық-базалық жасақталуына, азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайларға оң бағасын берді. Сондай-ақ, ол сайлау барысында жоғары сапалық сервис пен сайлаушылардың көтеріңкі көңіл-күйлерін байқағанын айтты.
«Дүбірлі саяси науқан процесін ұйымдастыру бойынша жауапты органдардың жұмысын оң бағалағым келеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, дауыс беру үзіліссіз өтіп жатыр» – деді Қ.Мырзахметов.


Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған