МАҚСАТ – СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІН ҚАУІПСІЗ ӨТКІЗУ

Түркістан облысында алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқаруда. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы аумағында жалпы – 41 су қойма 12 су торабы, 120 өзен орналасқан.

Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып су тасқыны қауіпінің алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарды. Атап айтар болсақ: Облыс әкімімен тамыз-қыркүйек айларында бекітілген «2022-2023 жылғы күз-көктемгі су тасқыны кезеңінде тасқын суларды қауіпсіз өткізу іс-шаралар жоспары» және 33 іс-шарадан тұратын «2022-2023 жылғы қыс-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты жүргізу бойынша атқарылуы тиіс инженерлік іс-шаралар жоспарына» сәйкес тасқын суды қауіпсіз өткізу мақсатында ирригациялық жүйелерді тазалау мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті болып тұрған Сырдария өзенінде қалыптасқан жағдай бойынша.

– Облыс аумағында су тасқынынан төтенше жағдайды тудырмау мақсатында Сырдария өзені бойында тұрғызылған 97,5 шақырым қорғаныс дамбаларының жағдайы толықтай зерделенді;

– Сырдария өзенінен болатын қауіптің алдын алу мақсатында Шардара ауданы, Сүткент елдімекені тұсындағы ұзындығы – 760 метр, ені 5-6 метр, биіктігі — 8 метр болатын қорғаныс дамбасы 154 млн. теңге қаржы бөле отырып күрделі жөндеуден өткізілді;

– 2022 жылдың күзінде басталған Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың тоспаларын бекіту, топырақпен нығайту жұмыстарын желтоқсан, қаңтар айларында толығымен аяқталды.

– Ал, қандай да төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде Сырдария өзенінің бойындағы елдімекендерде орнатылған «Үлкен су» локалды құлақтандыру жүйесі тексеріліп, дайындыққа келтірілген.

Шардара су қоймасының қазіргі жағдайына тоқталсақ, су қоймасының толуы бүгінгі таңда 77% -ды (3997 млн. м3 құрап отыр, өткен жылдың көлемімен салыстырсақ 1,5 есеге (2022ж.- 2653 млн. м3) артық су жиналған.

Қазіргі таңда, күнделікті су шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде, бүгінге су қоймалардың толуы жалпы 30-35 пайызды құрайды, таудағы қардың қоры нормадан төмен.

Сонымен қатар, «Қазсушар» мекемесінің ақпаратына сәйкес жалпы су жинау көрсеткішін кемінде 30 %-дық бос қор сақтай отырып жүзеге асыруды жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған