КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР 1,7 ЕСЕГЕ ӨСТІ

Амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық  қызметтерді  қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Өйткені, МӘМС  жүйесіне  қатысушылар  тарапынан  аталмыш  қызметке  сұраныс көп  түседі.  Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.

МӘМС  жүйесінің  енгізілуі  медициналық көмекті қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Биылғы жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 29,6 млрд. теңге қарастырылды. Оның ішінде, 24,7 млрд. теңге  МӘМС жүйесіндегі қызметтерге бағытталды.

Ағымдағы жылдың 6 айында бейінді мамандардың консультациясы мен диагностикалық зерттеулер бойынша 14, 7 млрд. теңге сомасында  қызмет көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты.Оның ішінде,  қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша  1,3 млрд. тенгеге қызмет көрсетілді.

– Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетіледі. Жалпы, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық  күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық сақтандыру қорымен мекеме  медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көмекті толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және сапа үшін жауапты – деді, Асхат Асанұлы.

Мәселен, егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, онда Қордың жеткізушілерінің қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Бүгінде деректер базасында  125 орындаушы  бар.

Жеткізушілердің толық тізбесімен өңірлерге бөле отырып Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ қызметтерін жеткізушілер» бөлімінен танысуға болады.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған