КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ АРЫС ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының су басу қаупі бар аймақтарды бақылауға алу бойынша берген тапсырмаларына сәйкес, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Мадияр Оразалиев және су тасқынына қарсы комиссия мүшелерімен бірге Арыс ауылдық округінде төтенше жағдайлардың алдын алу шараларымен танысты. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылдық округінің әкімі М.Сиддиковтің берген мәліметіне қарағанда, ауылдық округінде 20 тонна көлемінде құм алынған. Жұмысшылар тартылып, құм салынған қапшықтар дайындалуда. Сонымен қатар, 5 камаз және ауыр жүк салғыш трактор секілді қажетті техникасы бар иелерімен келісімшарт түзілген.

Аралау барысында аталған жұмысшы топқа Қожақорған елді мекеніне қарасты Жаңақұрылыс көшесіне өтетін ескі көпірдің 036 орамының жоғарғы жағынан Арыс өзеніне қарай қар және жаңбыр суларын ағып түсіру үшін канал және көпір салу қажеттілігі айтылды.

Кейінгі кезекте Нұржанқорған елді мекеніне қарасты Атамекен көшесінің шығысында Арыс өзенінің су мөлшері артқан уақытта жақын маңында орналасқан шаруа қожалықтарының жерлері мен тұрғын үйге қауіп төнуіне байланысты зерделеу жұмыстарының жүргізілгені түсіндірілді.

Мадияр Мұхтарұлы қазіргі таңда осы нысандарға судан қауіп төнбейтінін атап өтіп, сонымен қатар ауылдық округінің әкіміне елді мекендердегі каналдар мен өзендегі судың деңгейін бақылауына алуды тапсырды.

Сондай-ақ Мадияр Мұхтарұлы Құтарыс ауылдық округінде болып, көктемгі су тасқынына қарсы берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасады.

Аралауда барысында ауылдық округінің әкімі Мырзахан Керимбеков және орынбасары Мухтар Туледияров ауылдың жағдайымен қатар, қашыртқы қазу және қардан тазалау жұмыстарының барысын таныстырды.

Жауын-шашынның көп түсуінен немесе қардың күрт еруінен Ақарыс елді мекенінің екі жерінде су басу қаупі туындауы мүмкін еді. Бүгінгі таңда су басу қаупі бар жерлерге ауыл тұрғындарының есебінен және ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен 3 техника жұмылдырылып, ұзындығы 500 метр және ені 1 метр көлемде қашыртқы қазу жұмыстары басталды.

Қырдан төмен қарай арық кеңейтіліп, облыстық маңызы бар жолдың сол жақ бетіне қарай қашыртқы қазылып, алдағы қардан еріген және жауын-шашынның сулары елді мекеннен тыс ағып өтетін жағдай жасалуда.

Сонымен қатар, ауылдық округінің әкімшілігі тарапынан су басу қаупін сейілту үшін 1 сусорғыш мотопомпа, 4 текше метр құм, 500 қапшық дайындалған. Сондай-ақ, 1 экскаватор және 2 жүк тиегіш, инертті және басқа да қажетті құрылыс заттарымен қамтамасыз ету бойынша келісімшарт түзілген.

Өз кезегінде алдағы уақытта ауа райының өзгеруіне байланысты ауылдық округінің жағдайын қадағалауға алу мәселесі тапсырылып, ұйымдастырылған жұмыстарға алғыс айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған