КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ШАП ЖАРЫҒЫН ЛАПАРОСКОПИЯ КӨМЕГІМЕН ЕМДЕЙ БАСТАДЫ

Кентау қалалық орталық ауруханасының хирург дәрігерлері шап жарығын (паховая грыжа) лапароскопия көмегімен емдей бастады. Қазіргі таңда дәрігерлер осындай 4 операция жасады. Барлық операциялар сәтті өтті.

-Біздің ауруханадағы лапароскопиялық әдіс асқынбаған шап жарығын емдеудің алтын стандартына айналуда. Біз шап жарығы (паховая грыжа) бар науқастардың 90%-на лапароскопиялық операция жасауға тырысамыз. Өз жұмысымызда жоғары сапалы торлы импланттарын қолданамыз. Лапароскопияны қолдану пациенттер үшін жарақат алу қаупін азайту, оңалту уақытын қысқарту болып табылады. Лапароскопиялық хирургия шамамен бір сағатқа созылады. Сол күні пациенттер тұра алады, ал 3-4 күнде олар шығарылады. Операциялар МӘМС шеңберінде орындалады және медициналық сақтандыру қорының қаражатынан төленеді, – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Жәңгірхан Оразбақов.

Жалпы Кентауда лапароскопиялық жолмен жасалатын бірінші операция 2000 жылы басталды. Осы уақыттан бері бөлім меңгерушісі Ж.Оразбақовтың бастауымен хирургиялық, урологиялық және гинекологиялық оталардың 30-дан аса түрлері енгізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған