Кентаулық әжелер сайлау учаскесіне кимешекпен келді

Кентау қаласындағы әжелер алқасының мүшелері сайлау учаскесіне кимешекпен келді. Ұлттық киімде өз таңдауларын жасаған олар, көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
«Кентау қаласының халқы сайлауға белсенді қатысып жатқанына куә болып отырмыз. Бізде №899 және №37 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Себебі, елдің болашағына әрбіріміз жауаптымыз» – дейді әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабаева.
Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 55 932 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден қала тұрғындарына қала ішінде тегін қызмет көрсетуде. Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында Ынтымақ алаңында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ азық-түлік жәрменкесі өткізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған