КЕНТАУДА ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР БАР

Қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов қаладағы индустриалды және экономикалық аймақтарды аралап, мән-жайымен танысты. Екі аймақта инвесторларға арналған мүмкіндіктер бар. Бүгінгі таңда сол аймақта орналасқан жоба басшыларымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ қаланың өндірістік мекемелері «Кентау трансформатор зауыты»АҚ, «Элестополимет» ЖШС, «Строй сервис» мекемесі, «Статус Эверест» ЖШС-ті аралап жұмыс барысымен танысты. Алдағы уақытта шығарылатын өнім көлемдері туралы пікір алмасты.

Қалаға қарасты Хантағы, Байылдыр ауылында болып, кәсіпкерлік және ауылшаруашылықта кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіп иелерінің жұмыс барысын аралады. Атап айтқанда, «Құрал-аспаптар» және жаңадан бой көтеріп жатқан жиһаз цехы. Сонымен қатар, мал бордақылаумен айналысатын шаруаның ісін көріп, мал басын көбейту бойынша мемлекеттен берілетін қолдаулар жайы түсіндірілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған