КЕЛЕШЕК ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ БАТЫЛ ҚАДАМ

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президент сайлауы еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Өйткені, Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Ендігі Қазақстан жаңғыру мен жаңару арқылы бағыт-бағдары айқындалған, экономикалық өзгерістерге толы болмақ.

Біз – байтақ елдің ұрпағымыз. Биыл бастау алған игі бастамаларға қоғамның әрбір мүшесі қолдау көрсетіп, өз таңдауын жасауы керек. Бұл күні еліміздің ертеңі үшін маңызды шешім қабылданады. Осы саяси науқанда өзіміздің азаматтық құқығымызды пайдаланып, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек.

Жасырары жоқ, халық нақты іске көшетін кезді көптен күтті. Ел азаматтары жаңаруды қалайды. Алдағы сайлаудан күтер үміт көп. Осы орайда, болашақтың жарқын гүлденуі – біздің қолымызда деп айтар едім. Сол үшін отандастарымды тұтас мемлекеттің жауапкершілігін сезініп, белсене сайлауға қатысуға шақырамын!

Сәкен ӘБДІӘШІМҰЛЫ,
Сайрам ауданы мәслихатының депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған