КЕЛЕС АУДАНЫНДА МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округі аумағынан жалпы құны 610 млн. теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жобаны «Saryagash Alpamys» ЖШС іске асырмақ. Жоба іске асқан жағдайда 50 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 5,9 млн. литр су өндіру көзделген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Бекітілген кестеге сәйкес аудан басшысы Жәнібек Есенұлы Алпымыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді тыңдады. Алпамыс батыр ауылдық округі, Ақжол елді мекенінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінің бұрынғы ғимаратына қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биыл мұнда спорт алаңы салынып, пайдалануға беріледі. Ауылдық округтің орталық көшелері жөнделіп, гүлзар құрылысы қатар жүреді. Қауыншы елді мекенінде жаңа 600 орындық мектеп салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Кездесуде тұрғындар суармалы жер, ағын су, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, спорт алаңшаларын салу бойынша сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарды алды. Кездесуден кейін аудан әкімі жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген мәселелерді шешуге салалық бөлімдер мен ауыл әкіміне тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған