КЕЛЕС АУДАНЫНДА 61 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ САЙЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТЫР

Бүгін елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы өтіп жатыр.Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 61 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ САЙЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТЫР

Келес ауданында 19 сайлау округі, оның ішінде 61 сайлау учаскесі таңғы сағат 07-00ден бастап Қазықстан Республикасының Әнұраны шырқалып, өз жұмыстарын бастады.

Алғаш дауыс беруге келген азаматтарға арнайы дайындалған естелік сыйлықтар табысталуда. Бүгінгі сайлауға Келес ауданы бойынша – 71 441 сайлаушы таңдау жасай алады. Барша аудан тұрғындарын еліміздің болашағын айқындау мақсатында сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға шақырамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған