ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН АУДАНДА 12 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сайрам – сансыз баптар мекенi, бұл өлке киелi де, шежiресi мол аймақ. Еңбекқор халқы бар, кәсіпкерлігімен танылған Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Демография жағынан да облыста алдыңғы қатарда. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірлігі мен тірлігі жарасқан аудан тұрғындары тынымсыз еңбекпен ертеңінің еңселі болуына негіз қалауда. Мұнда мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мықты дамыған. Шағын кәсіпкерлікке ерекше ден қойған ауданда соңғы жылдары жаңа өндіріс орындары мен ауруханалар, мектептер іске қосылып жатыр. Заман талабына сай әзірленген әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Былтыр Сайрам ауданында 2 есепті кездесу өтіп, ауданның 16 мәселесі көтерілген. Оның ішінде, 7 мәселе өз шешімін тауып, осы жылы Қарасу елді мекенінде спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал Ақбұлақ ауылына мәдениет үйі салынып, жыл қорытындысымен халық игілігіне тапсырылмақ. Сондай-ақ, биыл облыстық бюджеттен маңызды 7 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттарды дайындауға 105 млн. теңге бөлінген.

 Аудандағы Құтарыс, Қызылжар елді мекендерінде газ жүйесінің құрылысы биыл аяқталса, Ақарыс, Оймауыт ауылдарындағы жұмыстар келесі жылы аяқталатын болады. Сонымен қатар, былтыр Көлкент ауылына газ жүйелерін салуға құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандар 2024 жылға өтпелі.

 Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарланып отыр. Сайрам ауданында бұл бағдарламаны пилоттық режимде Ақбұлақ, Жібек Жолы ауыл округтерінде іске асыру жоспарланған. Ауданда 2023 жылы құны 6 млрд. теңгені құрайтын жаңа 4 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 2 зауыт құрылысы мен газоблок және мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт жобалары бойынша 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.

 Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы жылы төмендетілген бағамен 3 мың тоннаға дизель отыны бөлінді. Дала жұмыстарына техникалардың дайындығы 92 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 18 мыңнан асып, оларда 27 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Сайрам ауданы бойынша былтыр 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Cайрамда мектептер салу үшін бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлініп, Манкентте 600 орындық жаңа мектептің және Нұржанқорған ауылындағы №62 мектепке қосымша корпустың құрылысы жүргізілуде. Ал, инвесторлар есебінен ауданда 12 жеке меншік мектептер пайдалануға берілді. Жекеменшік мектеп салудан облыс көлемінде Сайрам ауданы көшбасшылардың бірі болып тұр. Ал «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы Көлкент, Ақсуабад елді мекендерінде 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарамұрт елді мекеніндегі №6 мектепті күрделі жөндеуге 448 млн. теңге қаралды. Биыл жөндеу жұмыстары аяқталады.

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 Денсаулық сақтау саласында аудан халқына 41 мекеме қызмет көрсетеді. Былтыр 83 млн. теңгеге Қарасу ауыл округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде медициналық пункт салынды. Аудандағы барлық 42 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жібек жолы елді мекенінде су құбырларын күрделі жөндеу жұмыстарына 100 млн. теңге қаралды. Сонымен қатар, табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,1 млрд.теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 16 шақырым электр желілері ауыстырылып, 575 дана электр бағаналары орнатылды.

 Аудандығы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарға күрделі жөндеу, сондай-ақ 184 млн. теңгеге елді мекендердегі 13 ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылға аудандық маңызы бар 6 жолдың күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 1 млрд. теңге қаралды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 728 млн. теңгеге 14 көшені, аудандық бюджеттен 449 млн.теңгеге 11 көшені орташа жөндеуден өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған