ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ЕСЕБІНЕН КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОЗУЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ

2023 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатын және «Табиғи монополиялар туралы» Заңына енгізілген түзетулерге түсіндіру бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізілді.

Брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан бүгінгі таңда «Табиғи монополиялар туралы» Заңына өзгерістер енгізілгендігі айтылды.

Атап айтқанда, Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес субъектілер өңірдегі экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысын өзгертуге, теңгерімге және мүлікті сенімгерлік басқаруға алу, бекітілген инвестициялық бағдарламаны ұлғайту сияқты негіздер бойынша жүгіне алады.

Заңның жаңа редакциядағы талаптарына сәйкес субъектілер қосымша инвестициялар тарту есебінен жөндеу жұмыстарын ұлғайту жолымен коммуналдық желілердің тозуын төмендетуге мүмкіндік беріледі және ол алдағы 6-8 жылда 15%-ға дейін төмендетуге әкелуге тиіс.

Бұл электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын азайтуға бағытталса, нәтижесі, авариялар, ажыратулар санын азайтуға, сондай-ақ ұсынылған қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, брифингте Департаментпен 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасалынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған