ЖҰМЫС ЕКІ АУЫСЫМДА, ТӘУЛІК БОЙЫ АТҚАРЫЛУДА

Жетісайда өртенген базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда жүруде. Базардағы өрт қалдықтарын тазалауға 100-ге жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Жұмыс барысына облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбаев жетекшілік етуде.

Жұмыс екі ауысымда, тәулік бойы атқарылып жатыр.

Соңғы 1 тәулікте «Күлпаршын» базарынан 60 жүк көлігімен қоқыс шығарылды.

Қазіргі кезде базар аумағының 40% тазартылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған