Арыс қаласы бойынша қыс мезгілінде тұрғын үйлерді жылыту барысында қауіпсіздік шараларының сақталуын қарау бойынша жұмысшы топ кезекті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Арыс қаласы әкімдігінің мамандары және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қызметкерлері бірлесе отырып жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақтарын таратты.
Мамандар тұрғындарға қыс ауасында жылыту пештері және түтін мұржалары мен жүйелерінің тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтады.
Жұмысшы топ өкілдері өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау қажеттігін ескертеді:
– Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз, мұржаны күйеден кемінде 3 айда бір реттен кем емес тазалаңыз.
– Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.
– Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.
– Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.