ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Ауа райы күрт суып, үйді жылы ұстау қиындай түскен күндерде тұрғындардың қауіпсіздік шараларын естен шығарып алатыны жасырын емес. Десек те Түркістан облысының Төтенше жағдайлар қызметкерлері кез келген жағдайда, күннің суықтығына қарамастан, көпшілікті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округіне қарасты елді-мекені тұрғындарымен ауа райының қатты суытуына байланысты «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау», «Газбен уланудың алдын алу» және «Тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.

Іс-шара барысында Камень пештерінен бұрын орын алған улану жайттарын ескертіп, ол жағдайлар тағы да қайталанбас үшін алдын алу шараларын жасап жатқандығын тұрғындарға хабардар етті. Пештің мұржасын күйеден, күлден тазалау керек екендігін және пешті жағу үшін сұйықтықтарды пайдаланбау, пеш жанында жиһаздардың болмауын қадағалау керек екенін ескертті. Күл қалдықтарын үйден 10 метр қашықтықта жиналуын қадағалау керектігін түсіндіріп айтып, арнайы бөлім қызметкерлері дайындаған ескерту парақшаларын таратты.

Сондай-ақ Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округіне қарасты, «ПМК» мөлтек ауданы тұрғындарымен ауа райының қатты суытуына байланысты «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау», «Газбен уланудың алдын алу» және «Тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.

Қаңтар айының 10-ы күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, №6 өрт сөндіру бөлімінің және №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Жібек жолы ауылының әкімшілік қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Мұндай іс-шараны Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерә де ұйымдастырды. №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Келес ауданы тұрғындарына күннің қатты суытуына байланысты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жадынама парақшаларын таратты.

Айта кету керек, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылғанына қарамастан, оны толық ауыздықтау әрине, мүмкін емес. 2023 жылғы 11 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:36-да Түркістан қаласы Бекзат мөлтекауданы Сандыбай көшесінде орналасқан 1 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт оқиғасы орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жанып жатқан тұрғын үй ішінен 25 литрлік пропан газ балонын алып шықты. Өрт сағат 15:12-де ауыздықталып, 15:45-те толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 11 өрт сөндірушісі мен 2 бірлік техникасы шыққан болатын. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға кеңес береді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған