ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕ ӨРТ ШЫҒУ ҚАУПІ АРТАДЫ

Жылыту маусымы кезінде өрт шығу қаупі арта түсетіні белгілі. Осыған орай Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қазығұрт ауданы аумағында «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы нашар отбасылардың үйлерін аралап, рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Іс-шара кезінде «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болу ұсынылды:
– қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды;
– от жақпастан бұрын пештерге сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;
– пеш құбырлары мен түтін шығу жолдарын 3 айда бір рет от жағылатын пешті, 2 айда бір рет от үзілмей жанатын пешті тазалау қажет;
– отындарды, көмірді бөлек орында немесе арнайы тағайындалған жерде сақтау керек;
– отынды және басқа да тез жанатын заттарды пештің жанында ұстауға тыйым салынады;
– кірді кептіру мақсатында пештің үстіне жаюға тыйым салынады, пешті жағу үшін майлы затты пайдалануға тыйым салынады;
– кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыруға үзілді-кесілді тыйым салынады;
– пеш алдында 70-те 50 көлеміндегі табақ темір төселуі тиіс;
– ыстық күлді үйдің немесе құрылыстың жанына төгуге болмайды, ыстық күлге арналған арнайы орын тағайындалуы тиіс.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған