ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨЗІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге аудандық Тұрғын үй инспекциясының меңгерушісімен, аудандық Газ шаруашылығының, жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіп, жадынамалар таратты. Аралау барысында анықталған камень пештері мен басқа да адам өміріне қауіп төндіретін кемшіліктері бар үйлердің тізімі аудан әкімшілігі мен Газ шаруашылығының директорына ұсынылды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №28 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2023 жылдың 18 қаңтар күні Қазығұрт ауданы Қ.Абдалиев ауыл округіндегі тұрғын үйлерде жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жасалып, жадынамалар таратылды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тағы бір мәрте газ баллондарын сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес береді!

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV Заңына сәйкес 2012 жылдың қаңтар айынан бастап газ және газбен жабдықтау саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде (тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық) газ баллондар мен газды пайдалану жабдықтарын бақылауды  жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

– таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;

– баллонды суықтан жылуға енгізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, өйткені күрт кеңейту болып, жарылысқа алып келуі мүмкін;

– баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы));

– баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;

– газ құралдарын қосу ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;

– тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

– газ иісінің шығып таралып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтар тасып отты сөндірмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101», «112» телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған