ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖАЙЛЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жылыту маусымына байланысты тұрғын-үй секторларын аралап, жылыту құралдарын пайдалану кезінде табиғи және улы газбен улану оқиғаларының алдын алу және тұрмыстық өрттерді болдырмау мақсатында, Ордабасы ауданының тұрғындарына рейд жүргізу барысында үй иелеріне электр желілерін пайдалануға байланысты бұзушылықтардың қаншалықты қауіпті екенін, сондай-ақ тұншықтырғыш және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу шараларын түсіндіріп Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы жылыту маусымы кезеңінде қауіпсіздік ережелерін кезекті рет еске салады:

– Жылыту маусымы алдында пештің ақаулы жерлерін және жүйелерін жөндеп үнемі бақылауда ұстау керек.

– Бірінші кезекте шатырдан өткен мұржа жүйесін мұқият тексеріп саңылау бар жерлерді бітеу керек.

– Мұржаның ішкі жүйесін жиналған қоқыстан тазалап тексеру керек.

– Бұзылған электр құралдарды қолданбаңыз.

– Бір уақытта желіге екі немесе оданда көп электр құралдарын (шамдар, плиталар, үтіктер және тағы басқалар) қосуға болмайды.

Іс-шара барысында Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан шығарылған 2000 дана жаднамалар таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған