ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫС ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне және №12 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне Кентау қаласының АПБ ЖПҚБ УПИ полиция қызметкерлері аға лейтенант Тағанбаев А., капитан Утеген Н. жол қозғалысына қатысты қызметтік көлік құралдарының жағдайын тексерді. Қызметтік автокөліктерді тексеру барысында, атап айтқанда, көліктің тежегішін және сыртқы жарық құралдарын, сонымен қатар, автокөлікке қажет құралдарды көру, дәрі-дәрмек қобдишасы, өрт сөндіргіш құралы, тросс және тағы басқалары тексерілді. Полиция қызметкерлері автокөлікке алкогольдік ішіп айдамауға, жолда жүрген кезде жол қауіпсіздігін сақтау бойынша жеке құрамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ӨС және АҚЖҚ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі К.Маханбетов, ТО ТЖД Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, Кентау қаласының әкімшілік полиция майоры Н.Бисеев «Амаnat» партиясы Кентау қалалық филиалының есепке алу және статисика секторының меңгерушісі Ж. Қожабекова, Кентау қаласы Абубакір мешітінің имамы Б.Ибраев, Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және №12 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу стратегиясын іске асыру, жемқорлықпен күрес жүргізу, сонымен қатар, қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, әдеп кодексі, киім кию үлгісін сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында жеке құрамға айтып жеткізілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған