ЖИЫНҒА АЙМАҚТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысы әкімдігімен құрылған жұмысшы топ Ордабасы ауданында жергілікті кәсіпкерлермен және кәсіп бастауға ниетті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жиында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бағдарламалары мен Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдағы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндірілді.

Кездесуге «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-ның инвестициялық жобаларды жүзеге асыру департаменті және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпарация» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС-ның өкілдері және облыстық ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда басқармаларының өкілдері қатысты.

Жиында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алатындығы және техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді. Несие мерзімі – бес жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша жеті жылға дейін. Несиенің сомасы – 8 млн 600 мың. теңгені құрайды. Ал агро кооперацияға 8 000 АЕК-дейін, сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету міндетті.

Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 2023 жылы Түркістан облысына 21-35 жас аралығындағы жастарға жалпы 2,9 млрд.тг. микроқаржы бөлінген. Несие беру шарты бойынша микроқаржы мерзімі бес жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін жеті жылға дейін беріледі. Микроқаржы мөлшері 5,0 млн.тг. дейін.

Айта кетсек, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бағдарламасымен Түркістан облысына 2023 жылға грант алуышылар үшін 2,3 млрд.тг. қаржы бөлінген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған