ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ ШТАБЫ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов Қостанай облысына барды. Ол жергілікті халықты кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Ауыл» партиясының Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық елді мекендерін дамыту мәселелеріне қатысты негізгі ұстынымдары туралы айтып берді.

Кандидаттың сенімді өкілі Қайрат Айтуғанов Қостанай ауданының Заречный кентінде орналасқан «Тарра» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті. Шаруашылық басшысы Владимир Семейкин «Тарра» тауарлық және тұқымдық картоп, сондай-ақ қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз тәрізді көкөністер өндірумен айналысатынын айтты. Көкөністерді өндірудің тұқым отырғызудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі барлық үдерісі механикаландырылған, автоматтандырылған, мамандар бақылауымен жүзеге асырылады және жаңа технологиялардың барлық талабына жауап береді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған