ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ САРАЙШЫҚТА АЙМАҚТЫҚ МЕДИЦИНА МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысында болып, Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды.

Ауылдардағы инфрақұрылымның өзекті проблема­ларының бірі – медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету. Тұрғындардың тұрақты жұмысы болмағандықтан меди­циналық сақтандыру қорына түсетін түсімдері жоқ. Сол себепті мемлекет тарапынан көрсетілетін медици­налық көмек ауылдықтарға арман күйінде қалып отыр.

  • Тығырықтан шығудың басқа жолы бар. Ол – жеке үй шаруашылығы кооперациясын құру. Бір ЖҮШ-те ең кемі екі адам – ері мен әйелі жұмыс істейді, яғни өзін өзі қамтамасыз етеді. Олар өндірген ауылшаруашылығы өнімін кооперативке өткізсе кооператив олардан салықты ұстап қалуға міндетті. Осылайша, қаражаттың бір бөлігін әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру қорындағы жинақтау шотына аударуға болады. Бұл үй шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтарды меди­цина­лық қызметпен қамтамасыз етуге көмек болады, – деді Ж.Дайрабаев кездесу кезінде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған