ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ «ЕРНАР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Панфилов ауданындағы «Ернар» шаруа қожалығына барып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Қазіргі уақытта өндіріс ошағы Головацкий ауылының тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына ауқымды үлес қосып отыр.

Жигули Дайрабаев кәсіпорынның заманауи технологияларды белсенді қолданатындығын ерекше атап өтті. Кандидаттың айтуынша, соңғы жылдары әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді. Халық саны ұлғайып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр.

«Біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет. Су үнемдеу технологияларын толық көлемде енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыра отырып, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңбырлатып суару әдісі шөлді және шөлейтті жерлерді игілікке жаратып, бау-бақша егу, жылыжайлар салып, өнім алуға жақсы мүмкіндік береді. Елімізде әлемдік озық тәжірибелерді ауыл шаруашылығына енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бастысы біз бұл бағыттағы шараларды тоқтатпауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған субсидия көлемін ұлғайту және лизингтік компанияларға қолдау көрсетуіміз қажет», деді кандидат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған