ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

ҚР президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарын Батыс Қазақстан облысында жалғастырды. Кандидат Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымымен кездесіп, мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

«Ауылдық жерлер мен қаланың даму деңгейінде айырмашылық бар екені жасырын емес. Осыны анық аңғарып, көріп жүрген жастар оқу бітірген соң қалада қызметін бастап, сол жерде тұрақтап қалуды көздейді. Бірақ өзіміз айтқандай, ауылдарды дамыту мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Осы ретте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет деп санаймын», деді Жигули Дайрабаев.

Кандидат ауылдан шыққан жастар, қайта ауылға оралып, өз туған жерінің дамуына үлес қосуы қажет дейді.

«Еліміздегі ауыл шаруашылығы бағытындағы университеттердің түлектері неге мамандық бойынша жұмыс істеуге бармайды? Біріншіден, саладағы жалақының төмендігіне байланысты. Екіншіден, ауылдағы тұрмыстық жағдайдың қиындығы, көптеген ауылда қарапайым суық су, интернет жоқ, жол өте нашар», деді Ж.Дайрабаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған