ЖЕТІСАЙДА ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биылғы қыс жетісайлықтар үшін оңай болмады. Соңғы 15 жылда жаумаған қар жауып, артынша күн күрт жылынуы мен жауын-шашынның жаууы салдарынан бірқатар үйлердің ауласын су басу қауіпі туындаған болатын. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығы мен метеожағдайдың күрделенуіне байланысты Жетісай ауданының әкімі жедел штаб отырысын өткізіп, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, жауапты бөлімдер мен сала басшыларына тиісті тапсырмалар берген болатын.

Табиғи апатты болдырмау, адам шығынының алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктер мен арнайы мекемелер жедел қимылдап, аудан аумағындағы ауласына су кірген тұрғын үйлерге, су жиналған көшелерге 37 арнайы техника, 64 су сорғы (МП-80, МП-100, МП-150, МП-350) насостары, 200-ден астам қызметкерлер мен еріктілер жұмылдырылды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне, аудан әкімі аппаратына, жергілікті әкімдіктерге түскен хабарламалар бойынша қажетті техникалар мен су сорғыш насостар жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда тұрғын үйлерге келетін қауіп жоқ. Жағдай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық әкімдік тарапынан толықтай бақылауға алынған.

Ал Жылы суда қашыртқы қазу жұмыстары жалғасуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған қиындықтарды реттеп, апатты жағдайлар мен материалдық, адам шығындарының алдын алу бойынша берілген Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына орай барлық ауылдық округтерде қосымша қашыртқылар қазылған.

Жылы су ауылдық округі аумағынан қашыртқы қазу жұмыстарына 2 техника мен 10 жұмысшы қатысып, қазылуы тиіс 10 шақырым қашыртқының қазіргі таңда 5 шақырымы қазылған.

Одан бөлек, 9 дренажы тұрақты жұмыс істеп тұрған округте 4 шақырымға жуық арық-атыздар түгелдей дерлік тазаланды. 5 мотопомпа жұмысқа толықтай дайын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған