ЖЕТІСАЙДА ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшесі Б.Мырзагелдиев, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің найб иманы А.Нурматов, Жетісай аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметі жол және Техникалық инспекция тобының мемлекеттік аға инспекторы полиция лейтенанты Қ.Турмахамбетов, Мақтаарал және Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімдерінің және №3 Мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімі, 20 Өрт сөндіру бөлімі мен 21,22 Өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, тәртіп пен заңдылықты нығайту және қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша жедел кеңес өткізілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы кеңесті қорытындылады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған