ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 100 ГЕ ЖУЫҚ АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚА ИЕГЕРІ АТАНҒАН ҰСТАЗДАР ДАУЫС БЕРДІ

Сайлау – әрбір адамның азаматтық ұстанымын білдіретін ауқымы кең саяси шара екені белгілі. Осындай елдің болашағы айқындалатын науқанға Жетісай ауданының БАТЫР АНА атағын алған ұстаздар қауымыда ерекше белсенділік танытты. 10 баланың анасы «Алтын алқа» иегері Беганова Ботагөз » Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында ұстаздар қауымы ерекше белсенділік танытуы тиіс. Себебі, бұл сайлау – елдің болашағы үшін өте маңызды қадам.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 100 ГЕ ЖУЫҚ АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚА ИЕГЕРІ АТАНҒАН ҰСТАЗДАР ДАУЫС БЕРДІ

Оның үстіне елімізде ұстаздарға деген көзқарас жылдан жылға жақсарып келеді. Мен балдарымның болашағы үшін бұған дейін өткен саяси науқандарда да белсенділік таныттым. Егемен елдің еркін ойлы азаматшасы ретінде сайлаудан тыс қалған емеспін» деп пікірін білдірсе. Тағыда бір батыр анамыз» Алтын алқа иегері»Князова Мамилаш » Әрбір сайлауда мен алғашқылардың бірі болып дауыс беремін. Өмірімде ешқандай сайлаудан қалып көрмеппін, мемлекеттің ұстаздарға жасаған қамқорлығын ұдайы сезініп келеміз. Биылғы сайлауда азаматтардың саяси белсенділіктерін көріп шынайы риза болдым. Әр маман өз саласын жақсы меңгеріп, адал қызмет етуді көздесе, елдің ертеңіне деген сенім де арта түседі» дейді.
Мұғалім – қоғамның рухани негізі болып табылады. Мемлекетіміздің мұғалімнің мәртебесін көтеру және оның жалақысы мөлшерін екі есеге дейін ұлғайту туралы шешімі, миллиондаған ұстаздар мен олардың шәкірттеріне жасаған қамқорлығы мен қолдауының арқасында көптеген жетістіктерге жетіп келеміз. Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауына көп балалы ана атанып көпке үлгі болып отырған әріптестерімнің белсенділіктерін көріп шынайы риза болып отырмын. Ұстаз-білім, тәрбие беру
үдерісіндегі ең басты тұлға. Сондықтан да ол бар бол­­мы­­сымен – білімімен, моральдық кескін-кел­­бе­ті­мен,саяси көзқарасымен де елге үлгі болуы тиіс» дейді Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған