ЖЕТПІС АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

2023 жылғы 3 қаңтарда «112» қызметіне көмек сұрағандар хабарласты. Нәтижесінде құтқарушылар Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан 25 шақырым жердегі аудандық маңызы бар «Шолаққорған-Түркістан» тас жолында 70 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райының өзгеруін үнемі бақылауда ұстауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтау қажеттігін естеріңізге салады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған