ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің әкімшілік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ә.Орақбай, «Амаnat» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының кеңесшісі А.Қадірқұлов, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы (теолог) Ғ.Сағат, Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №13 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу стратегиясын іске асыру, жемқорлықпен күрес жүргізу, қызметкерлер арасында тәртіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, әдеп кодексі, киім кию үлгісін сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында жеке құраммен жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша, инспекциясының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, Төлеби ауданының әкімшілік полиция майоры А.Наштай, «Аманат» партиясы Төлеби аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Ж.Амангелдиев, Ленгір қаласының «Нұр» мешітінің Найб имамы Ж.Жаппаров, Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 ӨСБ, №16, №32 Өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу стратегиясын іске асыру, жемқорлықпен күрес жүргізу, сонымен қатар, қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, әдеп кодексі, киім кию үлгісін сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында жеке құрамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған