ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ НЕГІЗСІЗ ТЕКСЕРУЛЕР ТОҚТАТЫЛДЫ

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Көшпелі мониторингтік топ құру туралы» бұйрығы негіз болған.

Түркістан облысының мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының шағымын зерделеу барысында басқарманың шығарған бұйрығында мониторинг жүргізудің тәртібі мен мерзімдерінің регламенттелмегені, мониторинг жүргізу түріндегі мектепке дейінгі мекемелердің барлық қызметі іс жүзінде тексерілгені анықталды.

Антикордың ұсынысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін бұйрықтың күші жойылып, аймақтағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.

𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 -𝟭𝟰𝟮𝟰

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған