ЖАҢА ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАУЫС БЕРУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынған болатын. Қазір сайлауға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл сайлаудың ерекшелігі – Президент 7 жылға бір рет сайланады. Яғни жаңа әрі әділетті Қазақстан құруға деген үлкен бастама болғалы тұр. Бұл сайлау – өзгерістердің бастауы болмақ.

Сайлауға қатысуды жай ғана дауыс беру деп қабылдамауымыз керек. Бұл ел алдындағы жауапкершілік және біздің заңды құқығымыз. Келер ұрпақтың алдында сара жол сала білу әрбір жүрегінде еліне деген патриоттық сезімі бар азаматтың борышы деп білемін. Ата-бабамыз біздің бейбіт елде өмір сүруіміз үшін қасық қаны қалғаша күресті, біз де келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін жауаптымыз. Сіздің таңдауыңыз – елдің ертеңгі өмірі. Менің, сіздің, оның дауысы – Жаңа Қазақстанның жаңарған көрінісі! Еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы, байрағын бірге биік етейік!

Сайлаушыларды, жерлестерімді үлкен жауапкершілік жүгін бірге көтеріп, байтақ елдің бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырамын.

Біздің даусымыз еліміздің болашағы үшін берілген үн. Кемел келешек үшін өз дауысымызды беруден қалыс қалмайық!

Гүлбахира ТӘЖІБАЕВА,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған