ЖАНҒЫШ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИІ ҚАДАҒАЛАП ТҰРЫҢЫЗ!

Арыс ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері лейтенант Баймахан Бексұлтан, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша қала тұрғындарының үй иелеріне барып, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, ескертпе парақшаларын тарқатты.

Құрметті қала тұрғындары, өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

– Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз, мұржаны күйеден кемінде айыны бір реттен кем емес тазалаңыз.

– Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.

– Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.

– Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.

– Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған