ЖАЗҒЫ ШОМЫЛУ МАУСЫМДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Қала, аудан әкімдіктерімен және басқа құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу мақсатында облыс әкімімен бекітілген жоспарға және облыстық ТЖК отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілуде.

2022 жылы шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен ЖАО, Полиция департаменттері және басқа да ұйымдармен бірлескен жоспарлар бекітілген.

Атап айтатын болсақ, бүгінгі таңда 1514 рейдтік жұмыстар, 26 – теледидардан және радиодан сөйлеу, – брифинг, 64 көрнекі стендтер, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша әлеуметтік желілерде 10 — бейнеролик орналастырылды, 22300 — үгіт-насихат материалдары таратылды, 128 — интерактивті сабақ, газетте және журналда – 91 мақала жарияланды, су айдындары маңында жүрген 63 бала ата-анасына тапсырылды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 440 бабы бойынша 184 жеке тұлғаға 2 млн.052 мың 210 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, 364-бап «ескерту» бойынша 218 жеке тұлғаға берілді.

Сонымен қатар, аталған жоспарды жүзеге асыру барысында Арыс қаласы және Шардара, Жетісай ауданы әкімдігімен 33 дана каркасты бассейндер сатып алынып, шомылу орындары жоқ елді-мекендерде орнатылды. Басқа аудан қалалар бұл тапсырма бойынша әлі күнге дейін жұмыс жүргізбей отыр.

Сондай-ақ, Өзіңізге белгілі Арыс қаласы былтырдан бері Арыс өзені жағасынан коммуналдық жағажай ашып, ол жерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Осының нәтижесінде, Арыс қаласында жылдағыға қарағанда суға бату оқиғалары анағұрлым азайған (2021 – 5, 2022 — 0).

Бүгінгі таңда, ТЖМ-нің тапсырмасын сәйкес коммуналдық жағажай ашу бойынша бір-қатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда: Түркістан қаласында орын (Шаға су қоймасы мен Бірінші Президент паркі) және Кентау, Сауран, Отрар, Арыс, Шардара аудандарында 1 орыннан бекітілген.

Аталған орындарды, Жедел-құтқару жасағының күшімен 5 рет су асты тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тиісті актілер толтырылып ұсынылды.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 8 шілде күні Сауран ауданы, Шаға ауылының маңында орналасқан «Шаға су қоймасы» жағалауынан жеке коммуналдық жағажай ашылды.

Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағажайлар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді, сондай-ақ Департаменттің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен құтқарушыларды оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Анықтама: Бүгінгі таңда, облыс аумағында қосымша коммуналдық жағажайлар ашу мақсатында 7 су айдыны (Қосқорған су қоймасы, Кеңсай-Қосқорған 2 су қоймасы, Түркістан туристік-рекреациялық орталығындағы жасанды көл «Шаға», Түркістан қаласындағы ескек есу каналы, «Жетікөл» көлдер жүйесі, Әкімшілік іскерлік орталықтағы қалалық саябақтағы «жасанды көл» және Бірінші Президент саябағындағы «Жасанды су қоймасы») анықталып, Түркістан облысы әкімінің 08.07.2022 жылғы №143 «Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» 2020 жылғы 9 сәуірдегі №89 қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысымен бекітілді.

Ал қалған қалалар мен аудандарда бұл бағытта ешқандай өзгеріс жоқ, облыс әкімімен бекітілген жоспарға және облыстық ТЖК отырысының хаттамалық тапсырмасына, басқа да тапсырмаларға қарамастан нәтиже бермей отыр.

Сонымен қатар, айта кету қажет Отырар, Арыс аудандарында жұмыспен қамту орталығынан ЖҚЖ-ның оқытуымен 33 жасақшылар құтқарушылар (спасатели дружинников) дайындалды.

Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан биылғы жылдың басынан облыс аумағында 29 (2021 ж. – 31) жағдайы тіркелді. Ең өкініштісі, қайтыс болғандардың арасында 23 (2021 ж. – 25) кәмелетке толмаған бала болып отыр.

ТЖМ-нің 03.03.2021 жылғы №107 төтенше жағдайларды тіркеу бойынша критериіне сәйес 10 адам оның 7 бала.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде кезекші қызметтердің жұмысын ұйымдастырудың және ақпараттың өту тәртібінің кейбір мәселелері туралы» 03.03.2021 ж. №107 бұйрығына сәйкес, (2021 ж. – 16) оның ішінде 4 (2021 ж. – 13) бала есеспке алынған.

Өткен жылмен салыстырғанда жағдай 34% — ға азайды.

Анықтама: (Жетісай-4/4, г.Арыс-3/2, г. Түркістан-2/2, БайдІбек-3/3, Түлкібас-3/2, Казығұрт-3/1, Отырар-1/1, Ордабасы-1/1, Төлеби-1/1, Шардара-2/2, Мақтаарал-4/3, Сарыағаш-2/1)

Облыстық білім басқармасымен бірлескен түрде оқу жылы аяқталғанға дейін бұл жағынан үлкен жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, мектеп директорларымен судағы қауіпсіздік бойынша семинарлар өтіп, барлық мектептердің әр сыныптарында «Судағы қауіпсіздік ережелері» бойынша ашық сабақтар өткізілді және арнайы қауіпсіздік бұрыштары орнатылды.

Сонымен қатар, мектептерде ата-аналар жиналыстарында судағы қауіпсіздік бойынша дәріс оқылып, ата-аналарға қол қойдыру арқылы таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Алайда осы бағыт бойынша Мақтаарал ауданы тиісті жұмысты атқармағандығы анықталды.

Анықтама: Мақтаарал ауданында жыл басынан 4 (2021 ж.-3) адам суға кеткен, оның 3 (2021 ж.-3) бала.

Айта кету қажет, бұл жұмыс бойынша Бәйдібек ауданы толық мектептердегі оқушылармен жүмыс жүргізген. Осының арқасында Түркістан облысы Республикаға үлгі бола білдік.

Балалардың қауіпсізігін ұйымдастыру үшін жеке меншік бассейндері бар кәсіпкерлермен 21 меморандум түзіліп, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балаларын ақысыз суға шомылдыру ұйымдастырылуда.

Анықтама: Бәйдібек-1 (Су спорт кешені), Түркістан-3 (Баянауыл бассейн, Қайрат бассейн, Спорт кешені бассейн), Кентау-1 (Су спорт кешені), Қазығұрт-1 (Бекзат бассейн), Сайрам-8 (Сағыныш, Керемет, Жансая, Береке, Ақбастау, Ақбұлақ)Түлкібас-2 (Керемет бассейн, ережеп ата бассейн), Мақтаарал-3 (Алтын сарай, FOOD CITY, Mырзакент бассейн), Шардара-3 (Керуен,Сыр самалы, Голден беаш).

Бүгінгі таңда 500-ден аса тегін шомылдырылды. Алайда, бұл меморандум бойынша Төлеби ауданы 24 жеке бассейн және 63 демалу орындары бар болғанымен меморандум түзбеген.

Анықтама: Төлеби ауданында 2022 ж. — 1 бала, 2021 ж. — 2 бала суда қаза болған.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған