ЕЛІМІЗДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫН ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, лейтенант Баймахан Бексұлтан Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіндегі 9, 10, 11-сынып оқушыларын Мәлік  Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге шақырды. Кездесуде академия жайында видеоролик көрсетіліп, қызығушылық танытқандардың сұрақтарына жауап беріп, толық түсіндірілді.

Айта кету керек, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы – еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Бұл оқу орнында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша сырттай және іштей оқу түрінен өрт қауіпсіздік бакалавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандарды дайындайды.

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес Академияның іштей оқу бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы орта білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және математика пәндерінен) жетістікпен тапсырған және сайыстан мүдірмей өткен азаматтар қабылданады.

Академияда іштей оқу мерзімі – 4 жыл. Бұл шұғыл әскери қызметке теңеледі. Академия курсанттары республикалық, облыстық және қалалық спорттық, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Оқуға түскендер казарма тәртібі бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатақханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «Азаматтық қорғау» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер әрі қарай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі органдарында және бөлімшелерінде қызметін жалғастыру үшін жолдама алады. Еліміздің тыныштығын қорғау – әр азаматтың міндеті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған