ЕЛ ТАҒДЫРЫ СІЗ БЕН БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА

Құрметті отандастар!

Өздеріңіз білетіндей, 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл саяси науқанның маңызы ерекше. Өйткені жаңа реформаларға сәйкес, енді мемлекет басшысын 7 жылға сайлаймыз. Мұны әр қазақстандық ұғынғаны және жан-жақты талдағаны абзал.

Бүгінде халыққа еркін таңдау жасауға толық мүмкіндік бар. Әрбір азаматтың сайлау алдындағы жауапкершілігі жоғары болғаны дұрыс.

Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ кешуден өткен халқымыздың қолына қонған бақыт құсы. Ұшқыр уақыт, замана желі – әлемдегі геосаяси ахуалды жыл сайын емес, күн сайын өзгертіп жатыр. Сондықтан, ел тізгіні халықтың үмітін ақтайтын тұлғаға лайықты болуы керек. Ал оны анықтайтын мына сіз бен біз.

Жақсы әрі жағымды жаңалықтар мен өзгерістер күте отырып мен алдағы Президент сайлауында өз таңдауымды жасап, дауыс беремін.

Сіздердің дауыстарыңыз – шешуші фактор екенін ұмытпауларыңыз қажет. Кезектен тыс Президент сайлауына 5 күн уақыт ғана қалды. Халық саяси маңызды іс-шарадан шет қалмай, жауапкершілікті сезінсе Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі болмақ . Меніңше тәуелсіз қазақ елінің байрағы биікте желбіреуін және елінің дамуын алаңдайтын әр азамат сайлауға қатысады. Түркістандықтар бұл тұрғыдан өте белсенді. Кезекті маңызды сәтте де сайлаушылар өз таңдауын жасауға дайын деген үміттенемін.

Данияр Көбеев,
«Серпер» тігін фабрикасының директоры,
Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған