ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ИНВЕСТОРЛАР ҚАТЫСҚАН ЖИЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына сапары барысында жеңілдетілген несиелендіру шеңберінде өңірде іске асырылатын жобалардың инвесторларымен кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-минстрі Әбілқайыр Тамабек және елге танымал кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Несиелендіруді 4 бағытта жүзеге асыру жоспарланған. Осы бағытта өңірде жалпы құны 56,6 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба анықталды. Қажетті несие көлемі — 42,9 млрд. теңге.

Оның ішінде сүт-тауарлы фермалары бойынша 4 жоба арқылы жылына 18,7 мың тонна сүт өндіріледі. Ет бағытындағы құс фермаларын салу бойынша 4 жоба жүзеге асып, жылына 21,2 мың тонна құс етін өндірмек. Сонымен қатар суару жүйелерін енгізу бойынша 5 жоба анықталды. Суару аумағы — 5,7 мың гектар. Жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын салуға бағытталған 5 жобаның сыйымдылығы 40 мың тонна. Нәтижесінде сүтпен 42,1%, құс етімен 78,6% қамтамасыз етілсе, суару көлемі 46,9 мың гектарға, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілуі 63,5 % жеткізіледі.

Бұдан бөлек, облысқа маңызды жобалар да талқыланды. Өнеркәсіптік жылыжай кешені, мал бордақылау кешені, балық шаруашылығы және өсімдік өнімдерін қайта өңдеу бағытында несиелендіру туралы ұсыныстары айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған