Кентау қаласының жылыту маусымында қатты отынмен жағатын және табиғи газ кіргізілген көп қабатты тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу іс-шаралары ұйымдастырылды.
2023 жылдың 9 ақпан күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен және Кентау қаласының газ қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласына табиғи газға қосылған тұрғын үйлерді, дүйсенбі және бейсенбі күндері газ қызметкерлерімен аралап түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары көмірқышқыл газымен улану, жылыту пешін жағарда құбырларын тазалап тұруларын айтып өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және көп қабатты тұрғын үйлерге электр тоқтарын пайдаланған кезде сақтық шараларды сақтау тақырыптарында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жеке тұрғын үйде көмірқышқыл газдан және табиғи газдан уланудың алдын алу мақсатында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылды.
Айта кетейік, апта сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатыр.