ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫН ҰМЫТПАҢЫЗ!

Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымы қарсаңына дайындықтарды пысықтауда. Өңірде тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі және тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сайрам ауданы Ақсу ауылында Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша «Сенбілік» рейттік іс-шара ұйымдастырды.

Отырар ауданының ТЖБ қызметкерлері және №9 Өрт сөндіру бөлімі, №30 Өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен бірлесіп, аудан аумағындағы тұрғын үйлерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары және газ жүйесі жүргізілуіне байланысты, газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және қатты отын пайдаланушыларға құбырларын тазалап қою, газ қондырғысы орнатылған бөлмеде міндетті түрде газосигнализатор қондырғысы орнатылуы керек екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен және №6 Өрт сөндіру бөлімі және № 17, №23 Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, әкімшілік, «ҚазТрансГазАймақ», «Оңтүстік Жарық Транзит» мамандарымен бірлесіп, Ақсу ауылының тұрғындарына «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын алу» бойынша ауқымды түрде «Сенбілік» рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар, «ELNUR TV» телеарнасы арқылы Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов аудан тұрғындарына және қонақтарына жоғарыда аталған тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған