Бүгін Түркістан қаласында орналасқан №133 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым

Азаматтардың белсенділігі өте жоғары. Орталық сайлау комиссиясының 12.00-дегі дерегі бойынша Түркістан облысындағы сайлаушылардың дауыс беруі 64,02 пайызды құрап отыр.

Облыстағы 919 сайлау учаскесі кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. «AMANAT» партиясынан 1838 байқаушы сайлау учаскелеріндегі ахуалды, ашықтығын бақылауда.

Қазақстандықтардың бұл сайлауға қатысуы өте маңызды. Өйткені жаңа реформаларға сәйкес Президент 7 жылға сайланады. Болашағына алаңдайтын әрбір азамат бұл науқаннан тыс қалмайды деп үміттенемін. Еліміздің келешегін бірге құрайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған