БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2023 жылдың 27 сәуірінен бастап Түркістан облысының Білім басқармасының 2020-2023 жылдар аралығындағы қызметінде сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.

Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдарыңыз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке даңғылы, №100.

Байланыс: +7702-909-17-73;

Эл.почта: anticor13@mail.ru

Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған