БІЗДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ – ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың негізгі көрсеткіштері бойынша ай сайынғы рейтинг жүргізілуде. Рейтингке өнеркәсіп өнімі көлемі, негізгі капиталға салынған инвестиция, ауыл шаруашылығы өнімі, шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім өнімі, құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы көрсеткіші енді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста осы бойынша аудан, қалалардағы жыл жұмысы қорытындыланды. Алдағы жоспарлар талқыланды. Бірқатар басшылар облыс әкімінің сынына ілікті.

– Біздің басым бағыттарға жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция көлемін арттыру және өзге де көрсеткіштер енгенін білесіздер. Индикаторлар дұрыс орындалуы үшін 2024 пен 2025 жылдарға қазірден жоспар жасаған жөн. Жобаларды 2-3 жыл бұрын жоспарлау керек. Ерте бастамасаңыздар үлгермей қаласыздар. Жер бөлу, жобалық-сметалық құжат жасау, инфрақұрылым реттеуге уақыт кетеді. Бүкіл аудан, қаладағы пайдалы қазбаларды, ресурстарды, мүмкіндіктерді толық тексеріп, зерделеп шығыңыздар. Соған сай жоспар жасап, жұмыс жүргізу қажет. Екіншіден, басқарма басшылары аудан, қала әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарсын. Жол көрсетіңіздер. Жүйелі әрі кластерге негізделген жобалар әзірленуі тиіс. Әлі де дұрыс ұсыныстарды көрмей тұрмын, – деді Дархан Сатыбалды.

Жалпы Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 128 нысаналы индикатор қарастырылған. Оның орындалуы бақылауда.

Өнеркәсіп өнім көлемі биылға 815,4 млрд. теңге деңгейінде жоспарланып, 11 айда 776,8 млрд. теңге құрады. 11 айда облысқа тартылған инвестиция көлемі 576,6 млрд. теңгені құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған