БОРАЛДАЙ ӨЗЕНІ БОЙЫНДАҒЫ БЕТОНДЫ СУ ҚОРҒАҒЫШ ПЛИТАЛАРЫ СЫРҒЫҒАН

Биыл Түркістан облысының таулы аудандарында қар қалың түсіп, аяз ұзақ сақталды. Соның салдарынан жерге тоң ерте түсті. Егер күн күрт жылынып, толассыз жаңбыр жауған жағдайда қауіптің болуы мүмкін. Сондықтан Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік бірлесіп, көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қауіптің алдын алу мақсатында өңірдегі өзен-көлдер мен каналдардың табанын тереңдетіп, жағасын бекітуге кірісті.

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков көктемгі су тасқынына дайындықты пысықтау мақсатында жұмыс сапармен Боралдай ауылдық округіне барды. Округ әкімі Асылхан Тоқтамысов еріген қардың және толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзен деңгейі көтеріліп, округ орталығын бойлай ағатын Боралдай өзені бойындағы бетонды су қорғағыш плиталары сырғығандығын баяндады. Сапар барысында аудан басшысы аталған аумақта болып, жағдаймен танысты.

Өзен арнасына қатысты тиісті құжаттарды рәсімдеп, шұғыл қалпына келтіру үшін ауыл әкімі мен жауапты бөлімдерге тапсырма берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған